Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА СУҒА ЖҮЗУДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БӘЙГЕ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА СУҒА ЖҮЗУДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БӘЙГЕ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістандағы орталық су спорт кешенінде Түркістан қаласының құрметті азаматы Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған қоғамдық маңызы бар суға жүзуден республикалық турнир басталды.
Шарада Леңгір, Шаян, Сарыағаш аудандары, Кентау, Түркістан, Шымкент қалалары, сонымен бірге, Қызылорда, Тараз қаласынан 150 спортшы бақ сынасуда.
Бәсекенің ашылу салтанатында алғы сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Одан бөлек, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, кешен директоры Ғалымжан Батырханұлы және облыстық «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» басшысының орынбасары Айдос Қалтаев жарыстың жастар арасындағы спортты дамытудағы маңызын жеткізді.
Түркістан облыстық су спорты кешенінде өтіп жатқан сайыста қатысушылар жүзудің еркін, шалқалай, брасс әдісі, батрфляин әдісі, кешенді жүзу бойынша сынға түсуде.
12 мен 14 жас аралығындағы спортшылар бақталасып жатқан жарыста облыстың намысын жерлестеріміз Айша Хайдарова, Балауса Рахматулла, Ардақ Қожахмет, Арзу Рахимжанова сынды өрендер қорғауда.

Пікір жазу