Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «УМАР АТА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЖЫЛЫНА 60-70 ТОННА КӨЛЕМІНДЕ АЛМА ЖЕМІСІ ЖИНАЛАДЫ

«УМАР АТА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЖЫЛЫНА 60-70 ТОННА КӨЛЕМІНДЕ АЛМА ЖЕМІСІ ЖИНАЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі  Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылындағы Далабазар көшесі бойындағы «Умар Ата» шаруа қожалығына тиесілі «Алма бау» жұмысымен танысты.
Шаруа қожалығын Розакулов Икрамжан Ирисбекович басқарады.
Бауға арналған жер көлемі 2,35 гектар. Қожалықтың басшысы 2009 жылы ашып, бүгінгі күнге дейін бау өсірумен айналысып келеді.
Алманың жоғары сортты көшеттерін бауына еккен. Шаруашылықта жалпы 700 дана көшет отырғызылған.
Шаруа қожалығымен кездесу барысында аудан әкімі бауды аралап, алма сорттарының ішінде голден түрінің өнімін көрді. Бір ағаштан 4-5 түрлі сортты, түсті, дәмді алмалары піседі. Бауда жаз және күз маусымында пісетін жеміс ағаштары бар.
Кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтыған. Бір жылдық өнім көлемі 60-70 тонна көлемінде облыс аумағына және өзге де өңірлерге шығарылады.
Аудан әкімі шаруашылықтың жұмысына ризашылығын айтып, еңбектеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, тиісті сала басшысына бау шаруашылығына жетілдіру үшін мемлекеттік қолдау көрсетудің мүмкіншілігін қарастыруды тапсырды.
Жалпы, бір алқаптан жылына екі өнім алу – көкөніс шаруашылығын дамытудың негізі. Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырыла бастаған жоба Сайрам ауданында табысты жүзеге асырылып келеді. Әсіресе тұрғын үй жайындағы бақшадан тамшылатып суару әдісімен екі мәрте өнім алу жүйесі кеңінен қолға алынып отыр. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаев мәлім етті.
Айта кетелік, аудан аумағында алма бау өсіру шаруашылығы жақсы дамыған. Алманың «Золотой Превосход», «Семеренко», «Бес жұлдыз», «Кандил», «Мельба», «Старкрипсон» және жергілікті сорттар егіледі. Қарқынды бауларда Түркия, Италия және басқа шет елдерде шығарылған сорттар әкеліп, егілген. Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты алма жемісі мол болады деп күтілуде.

Пікір жазу