Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТИІМДІ МЕНЕДЖМЕНТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТИІМДІ МЕНЕДЖМЕНТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

2022 жылы 20-22 қыркүйек аралығында Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының басшыларына және педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымындағы тиімді менеджмент» тақырыбында «Білім беруді дамыту орталығының» мамандары әдістемелік десант күндерін өткізді.
Семинар барысында: 18 дәріс, 4 тәжірибе алмасу, 4 тәжірибелік жұмыс, 9 шебер сынып, 7 диалог алаңы, 10 тренинг, 30 презентация форматтарында жұмыстар жүргізілді. Мектеп директорлары, мектеп директорының оқу, бейіндік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері, шағын орталық тәрбиешілері, МДҰ және мектеп педагог- психологтары, дефектологтар, логопед-педагогтер, әдістемелік бірлестік жетекшілері (сынып жетекшілер, өзбек тілі пәні), өзбек сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімдері, өзбек тілі пәні мұғалімдері қатыстырылды. Жалпы 1319 тыңдаушы қатысып, белсенділік танытты.
Семинар қорытындысында білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар тарапынан төмендегідей ұсыныстар түсті:
1. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым педагогтерін біліктілік арттыру курсымен қамтылса;
2. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым педагогтерін біліктілік арттыру курсымен қамтылса;
3. Ата-аналар жиналысын жаңа форматта өткізу бойынша әдістемелік құралдар шығарылса;
4. Дефектолог мамандарға әдістемелік көмектер көрсетілсе.
Аудан педагогтары атынан маңызы мол сапалы семинар үшін «Білім беруді дамыту орталығының» мамандарына мың алғыс!

Пікір жазу