Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрам көне һәм жаңа қала

Сайрам көне һәм жаңа қала

Соңғы жылдары аталған тарихи орындарға Қазақстанның өзге қалаларынан және шетелдерден келуші азаматтар қатары көбейген. Туристер әсіресе, қаланың Қаратау ауданына қарасты, Сансыз баптардың мекені атанған Сайрамға жиі келеді.  Сайрам-ортағасырлық Қазақстанның тарихындағы көптеген саяси  оқиғалармен тығыз байланысты. Сайрам бір кездері Тараз, Фараб, Шауғар, Сауран құрамында болған феодалдық иеліктің астанасы  болған, оның төл ақша шығаратын теңгеханасы болды.

Кейінгі ортағасырлар кезеңінде Сайрам Қазақ хандығының ірі экономикалық, саяси және діни орталықтарының біріне айналды. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде «Қараталда қыстап шыққан Қасым ханға ерте көктемде Қаттабектен  (Сайрам әкімі) және Сайрам басшыларынан өкіл келіп, Сайрамның кілтін сыйға тартты… Қасым хан оны қабылдап  алды. Қаттабек оған Сайрамды беріп, Қасым ханға қызметке тұрды» деп баяндалады. Тауке хан билік құрған кезде Сайрамның түбінде орналасқан  Мәртөбеде қазақ жүздерінің өкілдері кеңеске жиналатын болған.

Байырғы Сайрам қаласының орталығында жүргізілген көлемі жағынан шағын зерттеулер ІХ ғасырдан ерте дәуірге жататын заттық белгілер таппады. Алайда жазба деректердегі мәліметтерге қарағанда қаланың ҮІІ-ҮІІІ ғғ. болғанын көрсететін мәліметтер бар. Қожа Ахмет Ясауидің жақын туысқаны болып келетін  «Насабнаме» шежіресінің авторы Сафи ад-Дин Орын Қойлақы Оңтүстік Қазақстанды ҮІІІ ғасырдағы мұсылман әскерлерінің жаулап алу тарихын баяндайды. Онда исламға дейінгі Сайрамбы араб әскерлерінің қалай жаулап алғандығы көрсетіледі.

Пікір жазу