Бүгін Түркістан қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халықаралық мүгедектер күніне орай — «Талаптыға шектеу жоқ» атты шара өтті.
Жиында орталықтың қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандары өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен бірге, шаһарда түрлі салаларында еңбек етіп, танылып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтар
жөніндегі бейне сұхбаттар көрсетілді.
Одан бөлек, орталықтағы «Тең қоғам» бөлімшесінде кәсіптік сабақтан өтіп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін тағайындалған грантқа қол жеткізу арқылы өз кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер көрме ұйымдастырды.
Жиын соңында орталықтан көмек алушылар көпшілікке ізгі тілектерін арнап, ерекше әсерлерімен бөлісті.