Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

САЙРАМДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Сайрам ауданының әкімдігінде Түркістан облысы тұрғындарының табысын арттыру жобасын жүзеге асыру мақсатында ұсыныстар әзірлеу бойынша арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиналысты аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай жүргізіп отырды.
Кездесуге «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры
О.Көпбаев, «Оңтүстік» АИО» ЖШС директоры несиелендіру департаментінің директоры А.Шалабаев, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС директорының орынбасары Ж.Нұрлыбаев, Түркістан облысының кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Б.Құралбаев, кәсіпкерлер палатасы Сайрам аудандық филиалының директоры Ғ.Байболов
тарапынан ауылдық округтерінің әкімдері және аудан тұрғындарына кеңестер берілді.
Түркістан облысы тұрғындарының табысын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін аудан көлемінде ерекшелігін және әлеуетін, климаттық ерекшелігін ескере отырып, қандай бағыттағы кәсіптің түрін баулу тиімділігін, бағдарлама бойынша несиелендірудің басым бағыттарын анықтау мәселелері талқыланды.
Жаңа кәсіп ашу үшін жоба жасау, несие алу жолдары, бағдарламаның негізгі шарттары, несиелендірудің көлемі және қажет ететін құжаттар тізімі төңірегінде сұрақтар болды.
Осы сұрақтарға байланысты тиісті жауаптар ұсынылды. Атап айтқанда,
несиелендіру Республикалық бюджеттен 10 жылға 0,01%-бен жергілікті бюджет (ауыл шаруашылығы басқармасы), сенім білдірілген өкіл (ӘКК), серіктестік (Ырыс), соңғы қарыз алушы арқылы төрт жақты шарт арқылы іске асырылады. Тапсырма шарты бойынша сыйақы 2,49% белгіленген.
Сонымен қатар, қарыз алушыны дара кәсіпкер ретінде тіркелуі, басқа кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектердің болмауы, мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы, қарыз алушының жасы зейнет жасынан аспауға тиіс, несиені кепілмен қамтамасыз ету, кепілді мүлікті сақтандыру, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер учаскесі, сарай және т. б.), ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің мүшелігіне кіру, қаржыландырылған жоба шеңберінде өндірілген өнімді ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне өткізу туралы бағдарламада көрсетілген шарттары түсіндірілді.
Қарабұлақ ауылдық округі ет өнімдерін өндіру, Қарамұрт және Көлкент ауылдық округтері көкөніс пен жеміс өсіру секілді ауылдық округтерінде өнім өндірушілер үшін тиімді жобаларын несие алуға дайындау арқылы қаржыландыруға мүмкіндігі бар екені айтылды.
Кездесу соңында ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрінісін анықтауға арналған сауалнаманы ауылдық округтері бойынша толтыру қажеттілігі ескертілді.

Пікір жазу