Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САЙРАМДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам аданы аумағындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Ауданның қыс мезгіліне дайындығы бойынша Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-і және «Global Treid 2050» ЖШС-і тарапынан тексеруден өткен.
Қыс мезгілінде аудан аумағында жолдарды қардан тазарту жұмыстарына жалпы 21 техниканы жұмылдыру жоспарланған. Оның ішінде 10-ы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, 5-уі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, 6-уы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалайтын болады.
Қыс ауасында аудан тұрғындарының және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында биылғы жылға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін 9 млн 520 мың теңге аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырылған.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау және тайғаққа қарсы инертті материалдар шашу жұмыстарын «Global Treid 2050» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Аталған серіктестіктерде күзгі-қысқы кезеңдегі тазарту жұмыстарына қажетті техникалары дайындалған.
Жолдарға инертті материалдарды себу үшін 400 текше метр құм және 40 тоннаға жуық тұз алынған.
Ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері аудандық маңызы бар автомобиль жолдары
қардан тазалау жұмыстарына 2 дана автогрейдер, 2 дана жүк көтергіш, 1 дана газель, 3 дана техника самосвал алдыңғы күректері жұмылдырылып, толығымен тазалартылды.
Осы жұмыстар бүгінгі таңда жалғасын тауып келеді. Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, таңғы уақыт 3.00-ден бастап 11 техника көмегімен жол тазалануда. Нақты айтқанда, «Global Treid 2050» ЖШС-інің 5 техникасы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-інің үлесінднгі 6 техника облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, «КазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы Түркістан облысы филиалының 10 техникасы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бақылауында.
Бұл ретте, ауданда қыс мезгілінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Пікір жазу