Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өтуде

Түркістанда «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өтуде

Мемлекетке берешегіңіз болса автокөлігіңіз айып тұрағына қойылуы мүмкін. Өйткені қазір Түркістан қаласында қоғамдық маңызы бар «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өтіп жатыр. Шараның негізгі мақсаты әкімшілік айыппұлдарды өндіру. Яғни ірі көлемде қарызы бар, көлік, мүлік салықтары мен алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлі түрде . Жалпы статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 4 жылда берешегі бар 20 500 тұрғынан әкімшілік айыппұл өндірілмеген.

Ел азаматтары мемлекетке 381 млн теңге қарыз. Бұл дегеніміз  2018 жылдан бері өндірілмеген әкімшілік айыппұлдар үлесі. Жалпы рейдтік шараның  алғашқы күннің өзінде 10-ға жуық автокөлік тоқтатылды. Олардың басым бөлігі қарыздарын өтемегендер. Сондай ақ, алимент төлеуден жалтарған азаматтар. Бүгіннің өзінде  875 азамат бала алдындағы берешегін өтеуден жалтарып жүр.

АҚЖАРҚЫН РАСУЛ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ — Жалпы алимент мүлде төлемейтін өндірістерімізді зерделегенде жалпылама 875 автқару өндірісін зерделегені шықты. Мүлде алимент төлемейтін, жалтарған тұлғалар анықталып отыр. Сол тұлғаларға эфир арқылы айтқым келеді. Алимент төлеуден жалтармай мерзімінде өндіріп алушыларға өндіріңіздер.

Ал 1 көлік жүргізушінің 518 мың теңге берешегі бары анықталды.  Айта кетейік, мұндай тексеру  жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

ПЕРНЕХАН ЖӘДІГЕРОВ — ТҮРКІСТАН  ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ — Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары және Түркістан қаласының қонақтары сіздерден өтінерім мемлекет пайдасына төленетін кіріс салықтары мен алименттеріңізді, айыппұлдарыңызды төлеулеріңізді сұраймыз. Уақыты төлесеңіздер өздеріңізге жеңіл болады.

Осыған ұқсас рейдтік шара осы жылдың мамыр айында өткізілген еді. Нәтижесінде, миллионға жуық теңге өндірілді. Ал жазадан жалтарған 31 автокөлік айыптұрағына қойылды.

 

 

 

Пікір жазу