Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «CONNECTION POINT» ҚЫЗМЕТІ

«CONNECTION POINT» ҚЫЗМЕТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 33 Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Қорытындылай айтқанда, 2017 жылдың 10 айында 5 миллионға жуық қызмет көрсетілген. ХҚКО-ның бөлімдерінде азаматтар мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдың 10 айында бұл қызмет түрін 1 миллионнан астам азамат пайдаланған. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлімдеді.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, 1 және 2-топ мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алып отыр.

«2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ның бөлімдері азаматтардың үйлеріне бара отырып 5 мыңға жуық қызмет көрсетті. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Бүгінде өңірдегі ХҚКО-да сурдоаударма тілін меңгерген 89 маман жұмыс істеуде», – деді Еркебұлан Асанбайұлы.

Оның айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жылдың басынан бірнеше жаңа пилоттық жобаны іске қосқан. Оның мақсаты — қызмет алушының уақытын үнемдеуге бағытталып отыр. Мәселен, пилоттық жоба негізінде: жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтауға және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ бала тууды тіркеу мен соттылықтың болып-болмауы туралы анықтама алуға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы ХҚКО-мен бірлесіп, дайын құжатты үйге жеткізу қызметін көрсете бастады. Енді фронт офистері жоқ елді мекен тұрғындары аудан орталықтарына бармай және мобильді ХҚКО қызметкерлерін күтпей-ақ, 70-тен астам мемлекеттік қызметті ала алады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу