Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Биыл 25 қазан-Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, еліміздің басты мерекесі ретінде аталып өтіледі. Осы орайда, Түркістан қаласында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде Республика күні мерекесіне орай, салтанатты құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Жиынға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева және кәсіподақ мүшелері қатысты.
Іс-шарада Айдар Бахтыбаев құттықтау сөз сөйлеп, осы маңызды салада кәсіподақ қозғалысын дамытуда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы Бектас Шірікбаевты Түркістан облысы Әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Майра Егембердиеваны «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.
Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Іңкәрбекова Нұржамал, Таубаева Асия, Килишбаева Разия, Кенжебекова Шынар, Байсариева Гулжан және Амзеева Гулнур аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Еңбек қатынастарын реттеудегі сіңірген еңбектері үшін Акшегирова Лаура және Абдукаримова Салтанат аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталса, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосқан белсенді кәсіподақ мүшесі Төлегенов Нышанбек «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева еңбектері еленіп марапатқа ие болған кәсіподақ мүшелеріне мерекелік құттықтау сөзін айтып, жұмыстарына сәттілік отбасыларына амандық тіледі.
Іс-шара соңында мәдениет саласының өнер майталманы Нышанбек Төлегенов қазақтың ұлттық аспабы домбыра аспабымен ән шырқап, қатысушыларға мерекелік-көңіл күй сыйлады.

Пікір жазу