Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда «Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің» атты патриоттық сағаты өтті

Түркістанда «Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің» атты патриоттық сағаты өтті

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше, айтулы күн деп білеміз. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің» атты патриоттық сағаты өтті. Шымкент қаласының №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының, №76 Р.Мырзашев атындағы негізгі орта, сондай-ақ №135 жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары және «Бақ-Нұр-Ел» бөбекжай балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өткен іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Оқырмандар патриоттық өлеңдер мен монологтар оқып, Тәуелсіздік туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ «Тәуелсіздік – қасиет қонған ұлы ұғым» атты бейнеролик көрсетіліп «Қазақстан Тәуелсіз байтақ елім» атты кеңейтілген кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырман назарына ұсынылды.

Пікір жазу