Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан: «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының ашылу салтанаты өткізілді

Түркістан: «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының ашылу салтанаты өткізілді

Түркістан қаласы С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінде «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының ашылу салтанаты өткізілді.
Дебат клубтың ашылу салтанатына Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі Б.Досболғанов «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубын салтанатты түрде ашып, лентасын қиды. Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Мақпал Искакова және Түркістан мектеп лигасының қалалық жетекшісі Гүлмира Шаңлақова қатысты.
Мектеп-лицейде осы кезге дейін түрлі деңгейде оқушылар арасында дебат сайыстары ұйымдастырылған болатын. Осы тұрғыда бұл жұмыстарды одан әрі жаңғырту мақсатында «Алаш» дебат клубын құрып отырмыз. Мұнда үздік деп танылған оқушылар дебат сайысына дәл осы жаңадан ашылып жатқан «Алаш» дебат клубында дайындалып, түрлі сайыстарда мектебіміздің абыройын арттырып, қорғайтынына сенім білдіреміз.

Пікір жазу