Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы № 4 мектеп – лицейінде бастауыш сыныптар арасында «Жаңаша оқытуда әдіс-тәсілдің тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту.
Семинар бастауыш сынып мұғалімі Ақтолқын Удербаеваның тренингімен басталды.
Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Р. Рахметова мен мектеп-лицей директоры Г.Өсербаева семинар бағдарламасымен таныстырып ашып берді.
2 «А» сыныбында Дүниетану пәнінен «Адам еңбегі» тақырыбында А. Урикбаева сабақ өтті.
4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу «Киіктің айласы» тақырыбында Ш. Ешманова сабағын өтті.
4 «Б»сыныбында математика пәнінен «Көптаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу» тақырыбында А. Айтілеуова, 1 «В» сыныбында Әліппеден «О дыбыс мен әрпі» тақырыбында Ж.Көлбаева,
3 «Г» сыныбында математика пәнінен «Көбейту және бөлу амалдарын орындаудағы 1 санының қасиеті» тақырыбында М. Бисейтова, 4 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу дан Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» тақырыбында А. Қалымбетова, 1 «Г» сыныбында математика пәнінен «9 саны мен цифры» тақырыбында Г. Аппазова, 2 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? » тақырыбында Л.Джабагиева,4 «А» сыныбында математика лицей сабағынан «Айнымалысы бар өрнек» тақырыбында А. Назарова сабақ өтті.
Семинар соңында «Жаңаша оқыту — жетістік көзі» тақырыбында Л.Ормолдаева коучинг сабағын өтіп,семинар қорытындысы мен талдауы жасалды. Талдау барысында семинардың жоғары деңгейде өтілгендігі аталып «өте жақсы» деген баға берді.