Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген халықтың әлсіз тобын қолдау, оларға Үкіметтен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына мониторингтік бақылау жүргізілуіне бірлесе атсалысады.
Қоғамдық ұйымдардың бастамаларының негізінде Департаменттің және өкілетті орган – Шымкент қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының ұсынысымен 2023 жылдан бастап аталған қызметті монетизациялау бойынша ұсыныс Шымкент қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсанындағы сессиясында қолдау тауып, ағымдағы жылдан бастап тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға жүріп тұруы үшін 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады. Яғни «Инватакси» тасымалдау қызметі әлеуметтік көмек төлеміне алмастырылды.
Ондағы мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мұқтаж азаматтарға бюджеттен бөлінген көмек толық жету.
Алайда, кейбір жағдайларда бөлінген қаржы өз мақсаттарына жетпей қалатыны жасырын емес.
Мәселен, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті Шымкент қалалық әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған» №5 «Аялы алақан» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының балалар ойын алаңшасына бөлінген қаржының жеке бас пайдаға иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, кінәлілерге қатысты сот үкімімен тиісті жазалары тағайындалған.
Қазіргі таңда Департаменттің өндірісінде қалалық бюджеттен мүгедектерді қала ішінде тасымалдауға және мүгедек азаматтарға арнайы күнделікті техникаларды (ноутбук, есептеу машинасы) салып алуға бөлінген қаржылардың жымқырылу деректеріне қатысты қылмыстық істері тергеліп жатқанын біліп отырмыз.
Ендігі кезекте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментімен бәірге қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыстар атқарып, бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына атсалысса екен деген тілегіміз бар.
© Didarbek.kz