Шымкент қаласында облыстық эндокринология диспансерінің базасында Аймақтық диабет орталығы ашылды. Аталған орталық көршілес Қызылорда, Жамбыл облыстарының тұрғындарына да мамандандырылған көмек көрсетеді.
Мұнда қант диабетімен сырқаттанатын науқастарға заманауи емдеу және диагностика тәсілдері қолданылады. Науқастардың гликемиялық көрсеткіштерін тәулік бойына 288 рет анықтау арқылы үнемі үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін СGMS құрылғысы бар. Сонымен қатар «Диабет мектебін» арнайы дайындықтан өткен инструкторлар жүргізеді.
Өз тілшімізден