Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуымыз қажет!

Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуымыз қажет!

м-19 м-20 м-21 м-22 м-23

Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев білім саласы өкілдерімен болған кездесуде айтты. Білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, өзекті мәселелерді қарастырып, талқылау мақсатында ұйымдастырылған онлайн-селекторлық жиынға аудан, қала әкімдері мен аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің қызметкерлері сынды 1800-ден астам адам қатысты.
Мәжілісте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және орта білім беру сапасына қатысты сөз бастаған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков білім беру сапасын арттыру мақсатында шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелерді атады.
«Алдағы төрт жылда облыста мемлекеттік бағдарлама аясында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 100 пайыз мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көзделсе, осы мәселені ретке келтіру үшін 2017-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 13 балабақша (2595 орындық) салу көзделіп отыр. Соның төртеуінің биыл құрылысын бастау жоспарда бар. Атап айтқанда, Шымкент қаласы (320) мен Бәйдібек (140), Отырар (240), Түлкібас (100) аудандарында конкурс жарияланып, кәсіпкерлер тарапынан нақтылы сұраныстар алынуда. Мұнан бөлек, облыстағы мектеп жасына дейінгі 3-7 жастағы мүмкіндігі шектеулі 8,5 мыңға жуық баланы инклюзивті біліммен қамтуды 25 пайызға дейін ұлғайту қажет», – деді Ұ.Сәдібеков.

Өз тілшімізден

Пікір жазу