Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» ЖОБАСЫ — МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН

«БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» ЖОБАСЫ — МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мақсаты — оқушыларды мамандықтар туралы түсінікпен ақпараттандыру және кәсіптік қызығушылын арттырып, қабілеттілігін қалыптастыру.
Іс-шара барысында алдымен №130 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушыларына алдымен коуч-тренерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама жөнінде толыққанды ақпараттанған оқушылар, ары қарай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының музейі мен анатомиялық бөлмесінің жұмыс барысымен танысты.
Cонымен қоса, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топ» пен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бірлесіп, Орталық Азия Инновациялық университет жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге жұмыспен қамтудың белсенді шаралары мен 2,5% пайыздық жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау барысында жастарды кәсіпкерлікке бағыттайтын жоба аясында «Жас кәсіпкермен сұхбат» айдары өтті. Аталған жобаның келесі кейіпкері мемлекеттік бағдарлама негізінде өз кәсібін ашып, «Channel» әсемдік салонының негізін қалаушы — Юсупбаева Роза Есіркепқызы. Роза Есіркепқызы – 12 жылда жуық әсемдік салонда жұмыс жасаған. Ол өз кәсібін ашуға ниет етіп, мемлекеттің қолдауына жүгінген. Нәтижесінде өз жеке ісін бастап, бүгінде әсемдік салон иегері атанған. Еске сала кетейік, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту мақсатында Шымкент қаласы бойынша 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 261 жастарға 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған.

Пікір жазу