Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: №30 БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРДЫ

ШЫМКЕНТ: №30 БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРДЫ

Шымкент қаласында күнделікті 10 тасымалдау компанияның 877 қоғамдық көлігі 77 бағытта жолаушыларға қызмет көрсетеді. 2020 жылдан бастап қала ішіндегі жолаушылар көлігі реформаланып, қазірге дейін автобустардың 90 пайызы жаңарды. Бүгін осы жаңарту аясында №30 бағыттағы қоғамдық көлік жаңа автобуспен толықты.
Сайрам тұрғын алабынан Ордабасы алаңына дейін қатынайтын аталған бағыттағы 12 жаңа көлік 27 сәуірден бастап жолаушыларды тасымалдауға шығарылады. Жаңадан әкелінген көліктермен танысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тасымалдау компаниялары мемлекеттің араласуынсыз-ақ, қоғамдық көліктерін жаңартуды сәтті жүзеге асырып жатқанын айтты.
–Бұрын тасымалдаушы мекемелер «Shymkent» әлуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы лизинг негізінде жаңа автобус сатып алатын. Бүгінгі күні кәсіпкерлер нарықтық қағида бойынша мемлекеттің араласуынсыз өздері көлік сатып алуда. Әкімдік тарапынан қоғамдық көліктердің жұмысын қадағалап, шығындарын өтеу үшін субсидия бөлінеді. Қазір осылайша тасымалдаушы компаниялар мен әкімдік арасында сенімді әріптестік орнап отыр, -деді Мақсұт Пернебайұлы.
Жаңадан әкелінген «King long» маркалы көліктің сыйымдылығы орта деңгейде. Автобуста бейнекамера және салқындатқыш жүйесімен жабдықталған. Тасымалдаушы «ЖК Абдуганиев» мекемесінің директоры Бахтияр Бахрамұлының айтуынша, әкелінген 12 автобустың 10-ы кесте бойынша қызмет көрсетуді бастайды.
–Бүған дейінгі қызмет көрсеткен автобустар 2017 жылы Қытайдан әкелінген болатын. Бүгінде №30 бағыттағы автобустар көнеріп, жаңартылатын мерзімі жетті. Ертен, 27 сәуірден бастап 10 көлік кесте бойынша қызмет көрсетсе, екі көлікті резевке аламыз, — дейді кәсіпкер.
Айта кетсек, қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісімшарт негізінде атқарылуда.

Пікір жазу