Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте медициналық-санитарлық көмектің әлемдік озық практикасы енгізіледі

Шымкентте медициналық-санитарлық көмектің әлемдік озық практикасы енгізіледі

Шымкентте медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлемдік озық практикасы енгізіледі, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл бойынша қаладағы 4 медициналық ұйымның бас дәрігері сәуір-мамыр айларында оқудан өткен.

Бүгін озық тәжірибені қолдану бойынша Шымкент қалалық №6 емханада 3 күндік семинар басталды. Жиынға «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Қосиябекұлы келді. Қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев, бірқатар дәрігер-профессорлар шаһардағы №1, 3, 6, 7 емханаларды аралап, дайындығын бақылады.

– Жобаның мақсаты – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. Бұл жобада пациент және оның отбасының қажеттіліктері төңірегінде барлық медициналық қызметтерді біріктіріліп, көрсетіледі. Европаның 53 мемлекетінде модельді платформа болып жарияланған бұл жобаның берері көп. Жоба аясында халықтың да медициналық білімі артпақ. Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету стандарты әзірленді. Стандартта халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған «Адам – Бағдарланған тәсіл» МСАК озық тәжірибелерін енгізу, ерлер денсаулығы, салауатты тамақтану, денсаулық мектептері, балаға мейірімді қарым-қатынас, ақыл-ой денсаулығы енгізілген, – деді профессор Т.Қосиябекұлы.

Жоспар бойынша, биыл үздік тәжірибе орталығы жобасы №1, №3, №6, №7 қалалық емханаларында енгізілетін болады. Емханалардың бас дәрігерлері арнайы оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін шыңдайды. Алдағы уақытта жаңа жобаны өзге де мемлекеттік және жекеменшік емдеу орталықтарына да енгізу жоспарлануда. Айта кетейік, 2022 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының МСАК алғашқы медициналық-санитарлық көмектің озық тәжірибелерін көрсету бойынша алғашқы демонстрациялық алаңы ашылған болатын. Еңбекші қазақ ауданы қазіргі уақытта озық тәжірибелерді енгізудің табысты нәтижелерін көрсетуде. Халықтың МСАК медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлерге жүгіну саны артып, отбасылық дәрігерлерге жүгіну саны үш есеге, ал бейіндегі мамандарға жүгіну саны 50 пайызға азайған.

Пікір жазу