Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері  15 мәдениет мекемесі ашылды.   19 нысан  күрделі жөндеуден, 4 нысан ағымдағы жөндеуден өтіп, 3 нысан жаңадан салынды.

Мәдениет мекемелерінде 76 үйірме (домбыра, терме, ән, би, вокал, ВИА, гитара, қолөнер, қобыз т.б.) жұмыс жасайды, оған қатысушылар саны – 770 адам.

 

Қоғамдық сананы жаңғырту аясында қазақ халқының ежелгі рухани мәдениетін, дүниетанымын, мол мәдени мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың, халықтың бойына заман талабына сай дәріптеу мақсатында:

«Ұлттық қолөнер-Ұлы мұра»  тақырыбында облыстық семинар-кеңес;

Ата-бабаларымыздан мұра болып жеткен асыл қазыналарымыздың бірі – ою-өрнекті ұлттық киім кию – сәнге ғана емес, бай ұлттық болмысымызды насихаттау аясында «Ұлттық киімімізді ұлықтайық» тақырыбында  челлендж;

«Жарамазан-жақсылық жаршысы» тақырыбында аудандық жарамазаншылар байқауы;

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түлкібас ауданының мәдениет күндері «Қолөнерім – қазақтың төл өнерім» атты фото, қылқалам, қолөнер шеберлерінің, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінің этнографиялық коллекциялық көрмесі;

Ұлттық домбыра күніне орай «Ән домбыра, жыр домбыра» мәдени іс-шара;

Салт-дәстүр, мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтау және тарихымызды қастерлеудің құндылығын ұғындыру мақсатында Түлкібас кент клубының ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып өтті.

Мәдениет саласындағы жетістіктер:

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Рухани төрім-Түркістан» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес өткен «Әзіл Fest» облыстық сайысында «Түлкібас құрамасы» командасы жүлделі І орын  иеленіп, теледидар жеңіп алды.

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған аймақтық «АРАЙ-2023» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара  жүргізушілері  байқауында жас эстрада әншілері бойынша  Ерланқызы  Маржан жүлделі І орын иеленіп, 300,0 мың теңге қаржылай марапатқа ие болды.

«Балтаңдай» облыстық балалар өнер фестивалі аясында өткен  «Менің туған жерім» суретшілер байқауында Жұмабек Адина БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алып, 150 мың теңге қаржылай марапатқа ие болды.

Арыс қаласында өткен «Балдәурен -2023» облыстық байқауында патриоттық әнді үздік орындағаны үшін «ОТАНЫМ МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАН» арнайы жүлдесін жеңіп алып, 40 мың теңге қаржылай марапатқа ие болды.

© Didarbek.kz

Пікір жазу