Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Халық қатысатын бюджет» жобасы туралы, шағын және орта бизнесті қолдау, жергілікті жолдарды жақсарту туралы және басқа да нақты тапсырмаларды Үкіметке жүктеген болатын. Президенттің мұндай тапсырмасы облыс, аудан, ауылдарда бақылауға алынып, орындалып жатыр. Біз манкенттіктер де берекелі қоғам орнатуға үлес қосып
келеміз.
Манкент ауылдық округі бюджетінің кірістер жоспары 2022 жылға110 млн. 137 мың теңге болса, 12 айында 139,5 млн. теңге, яғни 126,5 пайызға
орындалды.
Сонымен қатар, ауылдық округ аумағына 8 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Атап айтатын болсақ: 4 жекеменшік мектеп, 1 медициналық орталық, 4 қабатты монша,3 сауда орталығы,2 дәмхана,1 жанармай бекетінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың пайдалануына берілді.
Аталған инвестицияны тарту арқылы әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы бойынша 340 жаңа жұмыс орындары ашылып, тапсырма 140 пайызға орындалды.
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Ауылдық округте халықпен кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-өтініштеріне сәйкес, ауыл бюджетіне түскен қаржыға төмендегі жұмыстар атқарылды:
1. Ауыл аумағындағы тозығы жеткен 5 көшедегі (И.Ергешов, Қорғаншы, Айнабұлақ, Алматы, Бірлік)
127 электр бағанасын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
2. Долантас, Жаңа шаһар көшелеріне трансформаторлар орнатылды.
3. Алматы, Жалал ата, Сайрам,Ұлықбек көшелерінің 8 шақырымына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
4. Жаңа Хаят, Науаи көшелерінің 3 шақырым жеріне асфальт төселіп, әлеуметтік нысандар орналасқан көше бойына жаяу жүргіншілерге арналған сызықтар сызылып, жол кедергілері орнатылды және 1000 үйге нөмірлер қойылып, 40 көшеге аншлагтарды орнату жұмыстары жүргізілді.
ОБЛЫС ЖӘНЕ АУДАН БЮДЖЕТІНЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
1. Айнабұлақ, Жаңа шаһар, Ибн Сина көшелерінің 4 шақырым жолына(орта жөндеу) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.
2. Аудандық маңызы бар «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолын және О.Құрбаналиев көшелерінің 18 шақырым жолына күрделі жөндеу жұмыстары «ШымкентДорСтрой» мекемесі тарапынан жүргізілуде.
3. Әбдіқадыров көшесіндегі 9 гектар жаңа құрылыс аумағына инфрақұрылым жүйелері тартылып, асфальт төсеу, жолаяқ салу, трансформатор және жарықтандыру орнату жұмыстары атқарылып, тұрғындар ризашылықтарын білдіруде.
4. Ауыл аумағындағы тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, М.Әліқұлов,Айнабұлақ, Жалал ата, Қорғаншы, Бірлік көшелеріне трансформаторлар орнатылды.
5. Фұрқат көшесіне жарықтандырулар орнатылып, ауыл орталығын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«АУЫЛ — ЕЛ ТІРЕГІ» ОНКҮНДІК ІС- ШАРАСЫ
Аудан әкімінің бастамасымен ауылдық округте былтыр «Ауыл — Ел тірегі» 10 күндік іс-шарасы өткізіліп, ауылды абаттандыру, көркейту, көгалдандыру, жолдарды жөндеу және де басқа жұмыстар демеушілер, тұрғындар, дербес бөлімдер тарапынан атқарылды.
Атап айтатын болсақ:
— Манкент елді мекенінің атауы белгісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
— Ауыл әкімшілігі ғимараты және орталық алаңға гүл көшеттері мен шырша ағаштары отырғызылды.
— Ауыл аумағындағы кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері ретке келтірілді.
— Жаңақұрылыс аумағындағы жолдарға тас төселді.
— Ауыл аумағындағы су тасқыны қауіпі бар арықтарды бетондау жұмыстары тұрғындар тарапынан жүргізілді.
— Айнабұлақ көшесіне демеушілер тарапынан
жаяу жүргіншілерге арналған көпір орнатылды.
— Бесқорған аумағына демеушілер тарапынан ауыз су ұңғымасы қазылып, су шықпай жатқан 72 үй толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілді.
— Мәдениет үйінің кіреберіс жеріне демеушілер есебінен пандус орнатылды.
— Ауыл аумағындағы тұрмысы төмен мұқтаж отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі 125 азаматқа демеушілер көмегімен қайырымдылық көмектер көрсетіліп, 17 отбасы отын-көмірмен қамтамасыз етілді.
ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Ауылдық округ бойынша жайылымдық жерлердің жалпы көлемі 793 гектарды құрайды.
Мемлекет меншігіне ортақ пайдалануға қайтарылған жайылым жерлердің көлемі — 480,57 гектар.
Мемлекет меншігіне сот тәртібі арқылы қайтаруға дайындалып жатқан жайылым жерлердің көлемі-66,92 гектар.
Ауданның арнайы жер қорындағы 180,23 гектар жайылым жерге орналастыру жобасы дайындалып,ауыл тұрғындарының малдарын жаю үшін сәйкестендіру актілері алынып, ортақ жайылымға табысталды
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
Бүгінгі таңда ауылдық округте қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты. Ауыл аумағындағы барлық іс-шаралар, өзекті мәселелер қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, аналар кеңестері, депутаттар және көше комитетінің төрағаларымен ақылдасқан түрде шешіліп отырылады.
Тұрғындардың ой –пікірлерін, ұсыныстарын тыңдау, ауылдағы проблемаларды анықтап шешу мақсатында «Ватсап» әлеуметтік желісінде 5 чат іске қосылған.
Аудан әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес, былтыр 12 рет, тұрғындардың шақыруы бойынша жоспардан тыс14 рет, жалпы 26 рет тұрғындармен кездесулер өтті.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР:
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында айтылған 36 ұсыныс-өтініш дер кезінде шешімін тапты.
Аудан бюджетінен шешілетін 4 өзекті мәселе:
1. Сайрам көшесіндегі жаңадан 500-ге жуық үй өздерінің есебінен ауыз су құбырларын 2010 жылда тартып әкелген болатын.
Қазір құбырлардың тозығы жеткен, жаңарту жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Арнайы жобалық сметалық құжаттары дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөліміне өткізілген.
2. Айнабұлақ көшесі ауданымызды көрші Төле би ауданымен байланыстырады, автокөліктердің көп қатынауы және аталған көшеде әлеуметтік нысандар тығыз болғандықтан «Сергек» камераларын орналастыруды қажет етеді.
3.Алматы көшесі, Жеті төбе аумағына бағдаршам орнатуға сметалық құжат дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне берілген.
4. Аққала елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу үшін 0,45 гектар жер телімі бөлініп, аудандық денсаулық сақтау басқармасының меншігіне мемлекеттік актісі алынған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ЖСҚ жұмыстарын дайындауға қаржы қарастыруға жолданған.
А.Сайтмуратов,
Манкент ауылдық округінің әкімі.