Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ӨЗЕКТІ БОЛЫП ОТЫРҒАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫМЕН ТАНЫСТЫ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ӨЗЕКТІ БОЛЫП ОТЫРҒАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов аудандағы соңғы жылдары мемлекеттік мекеменің меншігіне қабылданбай, өзекті мәселе болып отырған «Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тазартқыш имараттарын қайта құру» нысанында болды.
Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС-і жүргізген. Сарқынды сулар жиналатын, тазартатын орынды аралады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Түркістан облыстық сотының 2023 жылғы 23 ақпандағы тиісті ұйғарымына сәйкес, мердігер мекемеге ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін нысанға орнатылған құрылғыны іске қосуға және уәкілетті мемлекеттік органнан тазартылған судың лабораториялық сынамасының қорытындысын алуға міндеттелгені туралы айтты. Алайда, нысан белгіленген күні соттың ұйғарымындағы көрсетілген талапты орындамағанын атап өтті.
Сонымен қатар, тапсырысшы бөлім тарапынан құрылғы іске қосылған жағдайда, ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін нысанды пайдалануға қабылдап, қалдық сомасын мердігердің есеп шотына аударуға міндеттелгені жөнінде түсіндірді.
Аудан басшысы жұмыс сапарында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аталған нысандағы сүзгілердің жұмысы құрылыс жобасының талаптарына сай болуы және алдағы уақытта іске қосу мәселелерін бақылауға алып, тиімді шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Аралауға аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, әкім кеңесшісі Р.Есполай, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Қ.Бегалиев, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі К.Абдилахатовтар қатысты. Қоршаған ортаны қорғауға белсенді тұрғын жерлестерімен бірге өз үлесін қосатынын жеткізді.

Пікір жазу