Бүгін Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов Қарасу ауылдық округінің әкімі Д.Сыдықов және ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Мусантаевты қабылдады.
Күн тәртібінде Қарасу ауылдық округі әкімінің 2023 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары және өзекті мәселелері қаралды.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары М.Оразалиев, Ш.Убайдуллаев, тиісті бөлім басшылары және «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Қ.Бегалиев қатысты.
Бюджеттің игерілуі, оның ішінде салық түсімдерінің орындалуы, жайылым жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару,
кәсіпкерлік, ветеринария, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мәселелері тыңдалды.
Аудан әкімі бірқатар тапсырмаларды жүктеді:
— мүлік салығынан түсетін түсімдерге талдау жасау;
— тіркелген көлік санын анықтау,
— тозығы жеткен электр бағаналарын түгендеу, трансформатордың жағдайын зерделеу, инвестжобаға ұсынылатын нысандарды қарау;
— елді мекенге су тасуы ықтимал «Ақбай-Қарасу» каналын тазалау,
— Шымкент қаласынан ауылдың кіреберіс аумағын көгалдандыру, үйлердің қасбеттерін ретке келтіру, абаттандыру;
— көше бойларында орналасқан бильбордтардың біркелкі болуын қамтамасыз ету, олардан түсетін салық түсімін есепке алу;
— жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату, жол белгілерін жаңарту, ұзақ мерзімге жететін жол таңбалау жұмыстарын жүргізу, жолақтарды жаңарту;
— ауыз сумен тұрақты қамту,
— Қарасу, Әйтеке би елді мекендердегі жаңақұрылыс аумақтарында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыстарын бастап, мерзімінен бұрын аяқтауды қадағалауға алу, мердігермен және жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізу;
— заңсыз құрылыстарды жою,
— 2022-2023 жыл аралығында демеушілер есебінен жасалған игі істерді жинақтау,
— жерге қатысты мәселелерді бақылауға алу және басқалары.