Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов «Art Boilers» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Аталған компания өкілдері кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Бүгінде бұл мекеме неміс технологияларын қолдана отырып, заманауи қазандықтарды шығаруда. Жалпы кәсіпорын 2.6 Га жерді алып жатыр. Онда жылына 400-ге жуық жылыту қазандықтары өндіріледі.
Бұл – Түркістан облысындағы жоғары технологиялық жылыту қазандықтарын өндіретін жалғыз өндіріс орны. Сондай-ақ, кәсіпорын неміс технологияларын пайдалана отырып кең ассортименттегі жылыту қазандықтарын ұсынады.
Ауданда 2008 жылы негізі қаланған «Art Boilers» компаниясы алдағы уақытта да өндіріс күшін арттырып, өңірдің дамуына үлес қосатындарын жеткізді. Өз кезегінде Арман Сәбитов жергілікті кәсіпкерлерді қолдайтынын атап өтті.