Елімізде Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасына жол ашқан болатын. Ал, аудан бойынша 8 жоба қаржыландырылған. Несиені Ақбұлақ, Көлкент, Қайнарбұлақ пен Жібек жолы ауылдарының тұрғындары иеленді. Солардың бірі Сүлейменов Тұрар. Ол 2,5 пайызбен 8 миллион теңге несие алып, алынған қаражатқа 18 сиыр сатып алды.
Алдағы уақытта кәсіпкер мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.