Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 10 ұлттық жобаның ішінде ең маңыздысы-2021-2025 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы. Ұлттық жоба бұған дейін үш мемлекеттік бағдарламада (өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту, «нұрлы жол» инфрақұрылымды дмыту) болған бағыттары 7 Ұлттық жоба шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Баспана мен тұрақты жұмыстың жоқтығы, жетіспеушілік, қарыз бен кредиттің көптігі бүгінде басты проблемамызға айналғандай. Қымбатшылық қыспаққа алған заманда «Бала-шағаны қалай асыраймын?» деушілер үшін мемлекет қолайлы жағдай жасап қойған.
Солтүстікке қоныс аудару арқылы сіз өзіңізге жұмыс
тауып қана қоймай, баспанаға да ие боласыз. Істің көзін тауып, мемлекет берген барлық мүмкіндіктерді жақсы пайдалансаңыз Солтүстік өңірдің еңбек нарығына, әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз. Бүгінде Солтүстік аймаққа қоныстануға ниеттілер саны жылдан жылға артып келеді.
Жақында бағдарламаға қатысуға ниетті аудан тұрғындарын өз өңірлеріне тарту мақсатында 2023 жылы мамыр айында Петропавл облысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмысшы топ келіп, Қарабұлақ, Көлкент және Манкент ауылдық округтерінде халықпен кездесу өткізген болатын. Нәтижесінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында Солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аудару бағдарламасы аясында Сайрам ауданынан 14 отбасы көшуге ниет білдірді. Бағдарламаға қатысушылар үшін және оның отбасының әрбір мүшесіне бір рет 70 АЕК (241500 теңге) мөлшерінде көшуге материялдық көмек беріледі. Бағдарламаға қатысушының отбасына, он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек қарастырылған.
С. СӘУЛЕБАЙ.