Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың үшінші тоқсандағы халықпен жүздесу жиындары басталды. Қазығұрт ауданының Алтынтөбе ауыл округі Алтынтөбе елді мекенінен басталған кездесу, Жаңабазар ауыл округі Жаңаталап елді мекенінде жалғасын тапты. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, жайылым жер, қоқыс полигондары, балалар алаңшасы, медициналық пунк салу мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді.
Сонымен бірге, Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Қарабау, Тұрбат, Қызылқия, Қақпақ, Жаңабазар, С.Рақымов ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар жол салу, жұмыссыздық, балалар алаңшасын салу, қоқыс жәшіктерін орнату, тұрғын үй сұрау, ФАП салу, әлеуметтік көмек, үй іргелік жер сұрау, ауыз су, мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді.