Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАҢА КӨПІР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАҢА КӨПІР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Бүгін Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы тұрғындары үшін қуанышты күн. Себебі, Ұя өзені арқылы өтетін автожол көпірі күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл тек Жаңабазарлық тұрғындардың ғана емес, осы көпірден өтетін әрбір халықтың қуанышы.
Атаулы көпірдің ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы арнайы барып, құттықтау сөз сөйлеп, «Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені. Оның қажеттілігін ел-жұрт жақсы біледі. Сол себепті, көпірдің ел дамуында алар орыны да айырықша» — деп өз сөзін түйіндеді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың қуанышымен ортақтасты.
Қазығұрт ауданы күннен күнге дамып, көркейіп келе жатыр. Аудан бойынша 2021 жылы 2 көпір (Шарбұлақ, Сынтас елді мекендерінде), 2022 жылы 1 көпір (Өндіріс елді мекенінде) салынған болса, 2023 жылға Ұя өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріліп отыр.
Ұзындығы 60 метр, ені 6 метрді құрайтын Ұя көпірінің құрылысына облыстық бюджеттен 147,5 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, 2023 жылдың өтпелі кезеңмен аяқталып отыр.
Салтанатты шараға жиналған халық жергілікті атқарушы органдар мен көпірдің құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапалы аяқтаған мердігер «ТС-Таукент» ЖШС-нің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Пікір жазу