Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев төрағалығымен «Ауыл аманаты» және «Жер Аманаты» Ұлттық жобасының асырылу барысы талқыланды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық асгенттігі.
Бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы пилоттық жоба ретінде аудандағы Ақбұлақ, Жібек жолы, Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округтері бекітілген.
Аталған төрт ауылдық округ бойынша жоба аясында жалпы 266 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазір 1055,7 млн.теңгені құрайтын 208 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» МҚҰ-на ұсынылған. Оның 160 жобасы (908,0 млн. теңге) мақұлданып, оның 125 жобасы (712,9 млн. теңге) қаржыландырылған.
Аудан бойынша қаржыландырылған 125 жобаның 122 жобасы (құны 695,7 млн.теңге) мал шаруашылығы, 1 жоба (құны 7,8 млн.теңге) балық шаруашылығы, 2 жобасы (құны 9,4 млн.теңге) өз кәсібін ашу бағыты аясында қаржыландырылды. Сондай-ақ, кооперативтерді техникамен жабдықтау бағыты аясында жалпы құны 108,0 млн. теңге болатын 4 жобаны қатыстыру жоспарлануда. Бүгінгі күнде жалпы құны 26,8 млн. теңге болатын 1 жобасы «Ырыс МҚҰ»-ның қарауына жіберілген.