Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ОШАҚТАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ОШАҚТАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сі пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында салынбақ.
Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында 19 білім ошағы оқушыларды қабылдады. Атап айтсақ Сауран, Сарыағаш, Ордабасы мен Түлкібаста және Арыс қаласында 5 мемлекеттік мектеп ашылды. Сондай-ақ 14 жекеменшік мектеп (Түркістан қаласы 3, Бәйдібек 1, Жетісай 1, Қазығұрт 1, Ордабасы 2, Сайрам 2, Сарыағаш 1, Сауран 3) өз жұмысын бастады.
Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеде, атап айтқанда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 13 білім мекемесіне, ал облыстық бюджеттен 8 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға биыл 3,1 млрд.теңге бөлінген.
Биылғы жаңа оқу жылында облыс көлемінде бірқатар білім ошақтары пайдалануға беріліп, облыс тұрғындарын қуанышқа бөледі.
Түлкібас ауданындағы Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылында 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Білім нысанының ашылуына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимаратпен құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.
Жаңа оқу орнында лингофон, мультимедия, қыз балаларға және ұлдарға арналған шеберхана мен жаңа үлгідегі 13 оқу пән кабинеттері бар. Мәжіліс, спорт залы, кітапхана, педагог-психолог кабинеттері мен 50 орындық асхана, медициналық бөлме және ішкі әжетхана қарастырылған.
Сонымен қатар, мерекелік шарада мектеп атауы берілген Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрмахан Тұрсынбековтың бюстінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Ескерткіштің бой көтеруіне демеуші болған батырдың немере жиені Айымхан Баймаханқызы және жиналған қауымның қатысуымен лента қию рәсімі өтті.
Түлкібас ауданы, Таусағыз ауылында қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Таузағыздықтарды 1 қыркүйек – Білім күні және мектеп жанынан қосымша 150 орындық ғимараттың ашылуымен аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов құттықтап, мектеп табалдырығын жаңадан аттағалы тұрған 1 сынып оқушыларына сәттілік тіледі.
Көп жылдан бері бала санының артуына байланысты өзекті мәселенің бірі болып келген Титов мектебін ұлғайту мәселесі осылайша өз шешімін тапты.
Жаңа ғимаратта 12 кабинет қарастырылған. Оның 4-еуі арнайы пәндерге ыңғайластырылып жабдықталған. Қосымша ғимараттың құрылысымен бірге мектептің ескі ғимараты да толық жөндеуден өтіп, ауласы абаттандырылуда.
Мерекелік шарада «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы Қ.Еркебаев және ауыл ақсақалдары құттықтау сөз алып, ауыл тұрғындарын жаңа білім нысандарымен құттықтап, мерекелік лебіздерін білдірді.
Жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімінен соң жиналған қауым жаңа нысанды аралап, білім күніне орай ұйымдастырылған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы ашық сабаққа қатысты.
Айта кетейік, бүгін ауданда 60 жалпы орта мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Онда 23 мыңнан астам оқушы білім алса, соның ішінде 2204 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.
Түлкібас ауданындағы Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылында Конститутция мерекесі қарсаңында жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Осыған дейін Еңбекші елді мекенде мектеп мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген. Сонымен қатар, аталған білім ошағы «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған.
Білім нысанының ашылу салтанатына аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Мерекелік шара, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрмахан Тұрсынбековке арнап, ескерткіш орнату рәсімімен жалғасты.
Жаңа оқу жылы қарсаңында құрылысы аяқталған мектептің сыйымдылығы 150 оқушыны құрайды. Сондай-ақ жаңа нысан мемлекеттік стандартқа толықтай сай келеді. Оған дәлел, мектепте арнайы 1 лингофон бөлмесі 1 мультимедия бөлмесі бар. Оған қоса, қыздар мен ұлдарға арналған заманауи үлгідегі шеберхана және 13 пәндік кабинеттермен толыққан. Сонымен бірге, мәжіліс, спорт залы, кітапхана, педагог – психологтардың жеке кабинеттері мен 50 орынға шақталған асхана мен медициналық бөлмесі бар.
Түлкібас ауданында халық санының артуына байланысты сондай-ақ балаларды сапалы біліммен қамту мақсатында, Таусағыз ауылындағы «Г.Титов» мектебінің қосымша 150 орындық ғимарат құрылысына және Т.Рысқұлов ауылы, «Бақыбек» мөлтек ауданынан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысына қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ынтымақ ауылы «А.Оразбаева» атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға беріледі. Ауданда 2023-2025 жылдарға 4 жаңа мектептің және 2 қосымша ғимараттың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның екеуі жайлы мектеп болады деп күтілуде.
Тағы да Түлкібаста ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті. Аталған орталықта логопед-дефиктолог, арт терапевт, муз терапевт, педогог-психолог мамандары қызмет атқарады. Айта кетейік, аталған нысан «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен жүзеге асқан жоба.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, және нысанның ашылуына мұрындық болған «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ сатып алу жөніндегі бас директоры М.Мағжанов, «Самрұқ-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік қызметінің басшысы міндетін атқарушы А.Кемпірбаев, облыс мәслихатының депутаты И.Намазбаева қатысып, тұрғындарды орталықтың ашылуымен құттықтады.
-Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, олардың ата-аналарына моральдық тұрғыда демеушілік жасау – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Біз үшін балалардың бәрі бірдей. Олар – біздің болашағымыз. Сондықтан, ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, мұқтажын өтеп отыру назарымыздан ешқашанда тыс қалмайды, — деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы.
«Ақмейір» дамыту орталығы 150 балаға арналған. Сонымен қатар, орталықта ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балдарына басымдық беріледі.
Сауран ауданының білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беретін мектеп алғашқы оқушыларын қабылдады. Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді.
Түркістан облысының білім беру саласында 2 381 ұйым қызмет көрсетеді. 1381 мектепке дейінгі ұйымда 150 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 98,5 пайызды құрады. Жалпы мектеп саны 1 мыңға жетіп 515 мың оқушы білім алуда. Облыста өткен жылы 34 мектеп салынса биыл жыл соңына дейін 37 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша алдағы үш жылда облыста 63 жаңа мектептің құрылысы жүргізіледі.
«Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне балаларды тасымалдау үшін биыл жаңа 101 автобус лизингпен алынды. Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. 894 мемлекеттік мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңгеге жуық бөлініп, бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылды. Сонымен қатар биылдан бастап облыстағы бастауыш сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, 2021 жылы құрылысы басталған 300 орындық білім ұясы типтік, үш қабатты. Ғимараттың қабырғасы кірпішпен қаланған. Су және кәріз жүйесі орталықтандырылған. Қатты отынмен жылытылады. Жаңа білім ошағының оқу кабинеттерінен бөлек, асхана, медпункт, спорт залы бар. Құрылыс жұмыстарын «AziaRCр» ЖШС-і компаниясы жүргізген.
Ордабасы ауданындағы Бадам ауылдық округіне қарасты Дербес елді мекенінде 300 орындық мектептің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Талғатұлы, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев қатысты.

Пікір жазу