Сарыағаш ауданы, Жаскешу елді мекенінде 900 балаға шақталған «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін аудан басшысы білім ошағының жұмыс барысымен арнайы танысты.
Айта кетейік, Жаскешу ауылында орналасқан мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан қолға алынған.
-Балалардың болашағы үшін салынып жатқан білім ордасының сапасы басты назарда болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме, жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтап, пайдалануға беруі тиіс, — деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Сонымен қатар аталған мектептің жер учаскесі қоршалып, учаскенің қазаншұңқырын қазып қайта көму жұмыстары жүргізілуде.