Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АУЫЛ МЕКТЕБІН САПАЛЫ БАСҚАРУ» ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«АУЫЛ МЕКТЕБІН САПАЛЫ БАСҚАРУ» ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет Нұрмағанбетұлы және облыстық білім басқармасының өкілдері бүгін Сауран ауданы Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ базасында Облыстық білім беруді дамыту орталығының жүргізіп отырған «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасының барысымен танысты.
Мақсат — эксперименттің негізгі идеясын, тұжырымдамасын, жоспарланған жұмыстардың нәтижесін талқылау.
«Алдағы уақытта пилотты жобаға теориялық сүйемелдеуге Ұлттық білім академиясы тарапынан көмек берілмек. Ы.Алтынсарин мектебінде мұғалімдердің 3 сыныпта математика, 4 сыныпта қазақ тілі сабақтарына кірдім. Жобаның ерекшелігі бастауыш сыныптарда бір пәнге бір мұғалімнің сабақ беруінде»,- деді М.Мелдебекова.
Жаңа оқу жылының басында ұйымдастырылған сабақта бастауыш сынып педагогтерінің әр пәнді жүйелі жоспарлап, оқу үдерісіне тың идеяларды енгізіп сондай ақ, білім алушыларға біліммен қатар, тәрбиенің де қоса беріліп отырғандығы атап өтілді.
Жиын соңында Майра Тұрғанбайқызы, бұл жобаны түбегейлі зерттеп — зерделеп басқа өңірлерге таратуға болатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин ұлттық академиясынан жобаның ғылымилығы мен мұғалімдер зерттеулерін дамытатын арнайы мамандарды бекіту керек деген өз ұсынысын білдірді.

Пікір жазу