Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы облыстағы білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асыру бойынша талқылау өткізді.
Жиынға басқармадағы жауапты орынбасарлар мен мамандар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы, “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің директоры Серік Батырханұлы, Жаңбырбай Айдар Муханұлы “Азия Сервис” ЖШС-і директор орынбасары қатысты.
Білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау жағы қаралып, игеру процесстерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандырылмақ.
Білім ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша жиында пилоттық жобаның маңыздылығы айтылды. Облыстағы білім саласында фаворит пен бұлтты бухгалтерия бағдарламасын ендіру мақсатында ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Ашықтық мақсатындағы бастама білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша және қаржылық операцияларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады.
Айта кетейік, облыстық білім басқармасы «Фаворит» «бұлтты бухгалтерия» бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан, Кентау қалалары, Түлкібас ауданындағы орта білім беру ұйымдарының бухгалтериясына пилоттық жоба ретінде енгізілген. Мектептерде оқу ісі меңгерушілеріне және іс жүргізушілерге және шаруашылық меңгерушілеріне оқыту өткізілген, бастапқы деректерді енгізіп, тестілік есептеулер жүргізілген болатын.