Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БӘЙДІБЕКТЕ АУДАН ПОКУРОРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕКТЕ АУДАН ПОКУРОРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бәйдібек ауданының прокуроры Мәди Байтелиев 25 қазан — Республика күні қарсаңында №19 колледждің студенттерімен кездесіп, құқық бұзушылық профилактикасы тақырыбында жиын өткізді.
Жиын барысында студенттерге Республика күні мерекесінің тарихы мен құндылығы, аудан аумағында кәмелет жасына толмаған балалармен орын алған құқық бұзушылықтар және оларға қатысты жасалған қылмыстар, өзіне-өзі қол жұмсау, ерте жүктілік, нашақорлықтың алдын-алу, түн мезгілінде жүру деректері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Берік Тұрлыбеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрдәулет Әжібеков, қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Мейрамбек Дәулетбаев және ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров пен №19 колледж директоры Айдар Шекербекұлы қатысты.
Аудан прокуроры жауапты мекемелерге колледж студенттерінің бойына құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастырып, профилактика бағытында жұмыстарды одан әрі жаңдандыруды тапсырды.
Жиында колледж директорының орынбасары Айдос Дөңбаев атқарылған жұмыстар және жеткен жетістіктер жөнінде баяндама жасады.

Пікір жазу