Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ҚЫЗ ЖЫЛЫЖАЙДА ЕРЕКШЕ ГҮЛ ТҮРЛЕРІН ӨСІРЕДІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ҚЫЗ ЖЫЛЫЖАЙДА ЕРЕКШЕ ГҮЛ ТҮРЛЕРІН ӨСІРЕДІ

Келес ауданы №11 “Жолбасшы” жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Арнайы жылыжайда 10-ға жуық үй гүлдерінің түр-түрін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен зерттеу де жүргізіп жатыр.
– Гүл өсіру – ертеден келе жатқан шаруашылықтың «әдемі» саласы. Қазіргі таңда шаруашылықтың бұл түрі әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Гүл өсіру Голландияда, Германияда, Жапонияда, басқа да бірқатар елде жақсы дамыған. Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді өсіру оңай емес. Ол өскеннен кейін емес, өскенге дейін де ерекше күтімді қажет етеді. Гүл өсіру үшін оның әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген жөн. Қалай өсіру керек, қандай материалдар қажет? Осы сынды түрлі сұраққа өзім тұрып жатқан Келес ауданы Жолбасшы елді мекенінде гүл өсіретін Исмаилов Бахтияр есімді ағамның жылыжай шаруашылығында өз тәжірибемді арттырдым,-дейді еңбекқор қыз.
Жас дарын гүл өсіру үшін кем дегенде үш-төрт ай, ал кейде жарты жыл уақыт қажет екендігін де айтады:
– Көп адам жылыжайдың басты проблемасы жылыту деп ойлайды. Көктем және жаз айларында гүлдер үшін ауаны қалай салқындату туралы білу де маңызды. Қазір жылыжайда желдеткіштер үнемі жұмыс істеуі қажет. Егер өшірілсе, 30 минут өтпей-ақ жылыжайда 30-35 градус жылы болады. Мұндай кезде гүлдерге жылудың шамадан артып, улы газдардың жоғары деңгейде түзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Жазда желдеткіштің шамасы келмейді, қабырғаларды алып тастауға тура келеді.
Аталған оқу ордасының биология пәнінің мұғалімі Арипбаев Биғазы:
– Өсімдіктерді өсіруге қызығушылық танытқан Айкөркем гүл мен бұталы ағаштарды жерсіндіріп, жетілідіруде. Шағын жылыжай ішінде қазір осындай 10-ға жуық өсімдік түрі жайқалып тұр.

Пікір жазу