Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады.
Бүгінгі мақсат – әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан-жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауда. Ал, Сайрам «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларға кәсіптік бағдар беру жобасы аясында бала бойындағы бейіні, қабілеті, қызығушылығына қарай мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді, алғашқы жұмысшы мамандығын меңгертеді.
Құрметті ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық – қатыгездікке, жомарттық – тоғышарлыққа, адалдық – арамдыққа, парасаттылық – парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуына, мамандықты дұрыс таңдауына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік.