Ұстаз болу сый етілген өміріне,
Қиын бірақ оны алып жүруіде.
Өмір жолын ұстаздыққа арнаған
Талай мықты ұстаздар бар елімізде, -деген өлең жолдарындағыдай ұстаздаық ету ең асыл іс. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол-мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, ұлттың да адамгершілік пен ерліктің де нағыз жанды өкілі. Үнемі баланың көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Ұстаз нақты, дәлелді, сенімді, көркем жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Мұғалімнің әділдігі, батылдығы, іс пен сөз бірлігі, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ұстаз мейірім мен жанашырлық сезімдерінің тұтастай толық көрінісі. Ұстаз-білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол-мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттерге жеткізіп дарытушы. Бір сөзбен айтқанда ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Осындай қасиеттің барлығы бойынан табылатын ұстаз Түркістан қаласы Майшай Әбенова атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Жарқынай Сейтжаппарова деп білемін. Ұстаздық жолында талмай еңбек етіп келе жатқанына бүгінде 20 жыл. Осы 20 жыл ішінде көптеген шәкірттерге сапалы білім беріп, біршама белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жете білді. Жарқынай Сейтжаппарованың қолынан түлеп ұшқан шәкірттер қазіргі таңда сан-салада ел дамуына өз үлестерін қосып жүрген жандар. Өнеге мен өрілген өмір жолында Жарқынай Сейтжаппарова үлгілі ұстаз ғана емес аяулы ана, асыл жар. Жолдасы Темірхан Өміртайұлы екеуі екі ұл, үш қызды өсіріп-жеткізіп, олардан өрбіген немерелердің қызығын көріп жүрген бақытты отбасы.
Жарқынай Сейтжаппарова әріптестерінің арасында да үлкен беделге ие болған, құрметті ұстаз. Педагогтық жолында талай жас ұстаздарға жетекші болып, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, мұғалім болудың қыр-сырына баулыды. Еңбек жолында жеткен жетістіктеіне келер болсақ 2017 жылы Астана «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтық олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған 1-4 сыныптарға дүниетану пәнінен Республикалық олимпиадасына жүлдегер дайындағаны үшін «Алғыс хатпен», 2017-2018 оқу жылының қараша айында бастауыш сынып оқушыларын пәндік олимпиада-ға шығармашылықпен жоғары деңгейде дайындағаны және білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Грамотамен» марапатталды. сонымен қатар 2018 жылы Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Парусы» Халықаралық балалар орталығы жобасының бастауыш сынып оқушыларына арналған ХХ Халықаралық балалар олимпиадасында Дипломмен, «Қазақстан Республикасының Құрметті педагогы» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды 2018 жылы «INTELLIGENCE.KZ» Республикалық ақпараттық ғылыми-педагогикалық журналына «Масса,грамм,тонна ұғымы» сабақ жоспары шықты. Сол жылы Астана «Білім беру саласындағы үздік есімдер» атты кітапқа еліміздегі білім беру саласында өз үлесін қосқан үздік 200-ден астам педагогтардың есімі енген. осылай тізбектей беретін болсақ жетстіктері мен марапаттары бір кітапқа жүк болары даусыз. Соңғы бес жылдың өзінде айтарлықтай биікті бағындырды.
Қорыта келгенде ұстаздық әлемі өзгеше, көптеген үздік шәкірттер тәрбиелеген, талай аламанда аты озып, топты жарған Жарқынай Сейтжаппарова апай жайнда көп мадақ айтуға болады. Анығы ол кісі өз біліктілігі мен білім қарымы арқылы өз биігін бағындырып, өз сүрлеуін салып келе жатқан ұстаз.
А.МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.