Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮЛКІБАС: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

ТҮЛКІБАС: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы негізінде мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кезекті педагогикалық кеңес өткізілді.
 Күн тәртібіндегі тақырыптар!
1. Өткен педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалуын қарау.
2. Бірінші оқу тоқсанындағы оқу және тәрбие үдерісінің қорытындысы мен екінші оқу тоқсанында атқарылатын міндеттер туралы.
3. Мектепішілік пән олимпиадасының жұмысы мен нәтижесі туралы.
4. Үйірме жұмыстарының орындалуы мен нәтижесі туралы.
5. Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың есебі. Бес терек жобасының барысы туралы.
Аталған тақырыптар бойынша жауапты қызметкерлер баяндама жасап, мұғалімдер тарапынан орын алған кемшіліктерге ұсыныс-пікірлер беріліп, мәселеге талдау жасалды.
Жиналыс төрағасы Махашев Ержан Мұхтарұлы қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерді тыңдай келе орын алған олқылықтарды болдырмау, қажетті жұмыстарды толықтыру мен күшейту, өрескел жағдайлар бойынша ескерту мен тәртіптік шара көру және жетістіктер бойынша марапаттау жұмыстары бағытында шешім ұсынып, қатысушылар даусымен ҚАУЛЫЛАР қабылдады.
Жиналыс соңында марапатқа ие болған әріптестерге құттықтаулар айтылып, марапаттаулары ұсынылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдабаева Гүлжан Пәшенқызына ҚР Президенті атынан берілген «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалі салтанатты түрде табыс етілді.

Пікір жазу