Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр.
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында кәсібін кеңейтіп, жұмысын сәтті жүргізіп жатқан өндіріс орындарының саны артуда.
Орта және шағын бизнесті дамыту – өңірдегі жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор. Сондықтан да еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне жан-жақты жағдай жасалып, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы тарапынан да айрықша назар аударылып отыр. Осы тұрғыда қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жан-жақты қолдаулар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге мол мүмкіндіктерді қарастырған.
Түркістан қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, машина жасау, химия, қолөнершілер, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысты. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту, халық арасында сапа идеясын насихаттау мақсатындағы көрме-байқауға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тауарөндірушілерінің жұмысын жоғары бағалады.
Сараптамалық комиссия «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтады. Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі – басты талапқа қойған конкурсқа Төлеби ауданынан Төлеби ауданынан 5 кәсіпкер қатысып, 3 кәсіпкер жүлдемен оралды.
“Балмұздақ ЖШС – “Үздік тауар өндіруші номинациясының жүлдегері, «Мен кәсіпкер» жобасы аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмесіне қатысып, кәсіпкерлер “Kozha_brend_Lenger“ және ЖК “Ханшайым Эсфир” жеңімпаз атанды.
Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен жыл соңында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады. Жобаға қатысушылар жергілікті брендтерді құруда нақты көмек, сондай-ақ халықаралық және республикалық сауда алаңдарына шығу үшін маркетингтік сүйемелдеуде қолдау алады. Салтанатты шара елімізге танымал өнер жұлдыздарының концертімен жалғасты.