Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОСЫНДАЙ ДА БОЛАДЫ ЕКЕН…

ОСЫНДАЙ ДА БОЛАДЫ ЕКЕН…

Шымкент қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы жатқан «кино»! Жария еткісі келетін ақпаратын алдымен өзге тілде жазып, одан соң сөзбе-сөз мемлекеттік тілімізге тәржімалап беріп жатады. Онысы томпақтау шығатыны соншалық, кейде оқуға да ұяласың! Ұялғанда да, осыны да мемлекеттік тілге барынша құрметсіздігін байқатып, бір мемлекеттік қызметші жазды-ау деп қынжыласың. Бұл сорақылықты тоқтататын не қала әкімдігінде, не мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікте ешкім табылмағанына тағы күйінесің!..

Біздің пайымдауымызша, бұл жазбаларды жарыққа шығарып жүрген қала әкімдігінің баспасөз қызметі, яғни Әйгерім Жұмағұлова. Жеткіншек пен жасөспірімнің айырмашылығын білмейтінін кешіруге болатын шығар… Алайда, «қайғылы оқиғаларды» құқық қорғау органдары «тексермейтіні», оның себеп-салдарын анықтайтыны, қылмыстық істің исі шықса, тергейтіні белгілі ғой!

СӨЗДІК?! БҰҒАН ДА ТӨЗДІК…

Сіздерді қайдам, ал біздің ойымызша, әлі он гүлінен бір гүлі ашылмаған, отбасы құрмаған, бала тәрбиесінің ащы-тұщысын сезінбеген адам «құрметті ата-аналарға» ақыл-кеңесін беріп, данышпансып отырғаны мүлдем жарасымсыз сияқты. «Алдымен бала бағып көрсін де» дегіміз келеді осындайда! Қала әкімдігінде жұмыс істесе болды, ақылды болып шыға келе ме? Олай болса, мемлекеттік тілімізде сауатты жазып үйренсін де алдымен!..

Әлде қала әкімдігі үшін мемлекеттік тіл маңызды емес пе? Ондай болса, оны айтсын!..

Ә.Ә.

Пікір жазу