Басты бет » Көкейтесті » СӨЗДІК?! БҰҒАН ДА ТӨЗДІК…

СӨЗДІК?! БҰҒАН ДА ТӨЗДІК…

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жазбаларынан жаңа орыс-қазақ сөздігін құрастырып, елге таратып жіберсе, не болар екен? Облысты басқарып отырған филология ғылымдарының докторы нансыз қалады-ау…
Мәселен, Facebook-тағы соңғы жазбасынан тауып алғанымыз мынау болды:
1) «провели смотр» – «тексеріп шықты»;
2) «после осмотра» – «тексеруден соң»;
3) «в случае наступления паводка» – «су тасқыны кезінде»;
4) «готовность техники и персонала» – «арнайы техникаларының дайындығы»;
5) «состояние помещений для отдыха водителей и круглосуточной диспетчерской службы» – «жүргізушілердің демалу орындары мен тәулік бойы қызмет ететін диспетчерлік қызметті»;
6) «во избежание подтоплений» – «су астында қалмау үшін»;
7) «146 километров каналов» – «146 км арна»;
8) «550 километров лотков» – «500 км жуық шұңқырды»;
9) «учли опыт прошлого года» – «былтырғы жыл біраз тәжірибе болғанын»;
10) «провели мониторинг наиболее опасных мест» – «су тасқыны орын алуы мүмкін қауіпті аймақтар анықталғанын»;
11) «общее совещание» – «бірлескен жиналыс»;
12) «имеется 13 мотопомп» – «13 мотопомп» бар;
13) «11 единиц насосных машин» – «11 су сорғыш көлік».

Облысымызды басқаруға «лайық» осынау «терең» біліммен Әйгерім Жұмағұлова әшейін бір қаланың баспасөз қызметін ғана басқарып жүргеніне қайран қалып отырмыз, шынында да. Бәлкім, Жансейіт Түймебаев екеуі ротация тәртібімен орын ауысар?

Ә.Ә.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*