Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАТОЙ ӨТТІ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАТОЙ ӨТТІ

«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение ребенок
Салтанатты жиында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бүлдіршіндерге мерекелік құттықтауын жеткізді.
– Қымбатты балалар! Қадірлі ұстаздар, ардақты ата-аналар! Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біз ерекше көңілді мереке – Президент шыршасында бас қосып отырмыз. Жаңа жыл – әр баланың жүрегінде ғажайыпқа сенім ұялататын, жаңа армандарға жол ашатын, қуаныш пен күлкіге толы ең керемет мерекенің бірі. Бүгінгі “Ғажайыпқа толы – Жаңа жыл” атты мерекелік кеш – сіздердің шат күлкілеріңіз бен жарқын жүздеріңізге арналып отыр. Сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз, сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып қалыптасуларыңыз – мемлекетіміздің басты мақсаты. Осы жолда ауданымызда білім, спорт, мәдениет пен өнер салаларын дамытуға әрдайым көңіл бөлініп келеді. Сіздер – біздің ең басты байлығымыз, елдің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағысыздар. Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты жас достар! – деді Азизхан Исмаилов.
Возможно, это изображение свадьба
Мерекелік іс-шара аниматорлар, ертегі және қуыршақ кейіпкерлері мен өнерпаздардың балаларды салтанатты түрде қарсы алуымен басталды. Шара барысында залға жиналған балалар жаңа жылдық шыршаны айнала қоршап, көтеріңкі көңіл күй мен мерекелік атмосфераға бөленді. Ұйымдастырылған бағдарлама балаларға ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара соңында барлық өнерпаздар ортаға шығып, қатысушылармен бірге естелік суретке түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған бұл жаңа жылдық шырша балалардың жүрегіне қуаныш ұялатып, керемет мерекелік сәттермен есте қалды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу