Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ФУТБОЛ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ФУТБОЛ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футболды дамытуға ерекше мән беріп, жаңа стадиондар салу, футбол алаңдарын жаңғырту және бұл іске жеке инвесторларды тарту жөнінде нақты тапсырмалар бергені белгілі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Осы бастаманың нақты көрінісі ретінде Түркістан облысында жеке инвесторлардың қолдауымен Бекзат Саттарханов атындағы балалар футбол мектебінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінде нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, ал бұл өңір спорты үшін маңызды жаңалықтардың бірі саналады.

Возможно, это изображение один или несколько человек и костюм

Жуырда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев салынып жатқан футбол мектебінің ғимаратына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Сапар барысында жауапты сала өкілдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, жұмыстардың сапасына баса назар аударылды. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде Мемлекет басшысының спортты, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
– Спортты насихаттау, әсіресе өскелең ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары Түркістан облысында балалар спорты қарқынды дамып келеді. Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектебі осы бағыттағы үлкен жобалардың бірі. Құрылыс жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс, – деді Ертай Алтаев. Сондай-ақ ол бұл бастаманы қолға алған азаматтарға алғысын білдіріп, спортты дамыту бағытындағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында екенін жеткізді.

Возможно, это изображение больница

Атақты боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың есімі берілген спорт мектебі балалар футболын дамытуға тың серпін бермек. Бұл орталық жергілікті жерден іріктелген талантты жас футболшылардың қабілетін шыңдап, үлкен спорт аренасына шығуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, мектеп балалар мен жасөспірімдер арасында футболды кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және болашақ кәсіби спортшыларды тәрбиелеуге бағытталған.

Жобаға сәйкес, спорт кешенінің жалпы ауданы 6 мың шаршы метрді құрайды және 3 гектар аумақта орналасқан. Қазіргі таңда 68×120 метрлік ашық футбол алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, 200 орынға арналған жатақхана мен 550 адамға лайықталған оқу ғимаратының құрылысы толық аяқталған. Алдағы уақытта қосымша ашық футбол алаңын және заманауи спорт кешенін салу жоспарланып отыр.

Возможно, это изображение один или несколько человек, костюм и отдел новостей

Бұл нысан пайдалануға берілген соң Түркістан өңіріндегі балалар футболының дамуына жаңа мүмкіндік ашылып, жас спортшылардың жүйелі түрде жаттығуына, кәсіби деңгейде қалыптасуына жол ашады.

© Didarbek.kz

Пікір жазу