Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА

Түркістан қаласында 80 төсек-орынға арналған ана мен бала орталығының құрылысы жүргізілуде,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Әлеуметтік маңызы зор нысан қала тұрғындары үшін медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған ірі жобалардың бірі саналады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп, нысанның негізгі құрылымдары кезең-кезеңімен бой көтеріп келеді.

Возможно, это изображение текст

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңа перзентхананың құрылыс барысымен арнайы танысып, мердігер мекеме өкілдерімен және жауапты сала басшыларымен пікір алмасты. Аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы, құрылыс қарқыны және медициналық нысанға қойылатын талаптардың сақталуы жан-жақты талқыланды. Қала басшысы бұл орталық ана мен балаға көрсетілетін көмекті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Перзентхана заманауи талаптарға толық сай жобаланған. Нысан екі қабатты болып, жалпы сыйымдылығы 80 төсек-орынды құрайды. Оның ішінде 30 төсек-орын жүкті әйелдердің патология бөліміне, ал 50 төсек-орын босанғаннан кейінгі бөлімге арналған. Жобада ана мен нәрестенің қауіпсіздігіне, қолайлы жағдай жасауға және медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға басымдық берілген. Сонымен қатар, орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, білікті мамандар жұмыс істеуіне барлық жағдай қарастырылады.

Нет описания фото.

Құрылыс алаңында еңбек етіп жатқан жұмысшылар саны жеткілікті, қажетті техника тартылған. Инженерлік желілерді тарту, ішкі жоспарлау, санитарлық талаптарға сай бөлмелерді жабдықтау сынды жұмыстар да жоспарға сай жүргізілуде. Жауапты мамандардың айтуынша, нысан пайдалануға берілген соң қала мен оған іргелес елді мекен тұрғындары үшін перзентханалық қызмет қолжетімді бола түседі.

Құрылыс жұмыстарын аралау барысында қала әкімі ана мен бала денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.
– «Ана мен баланың өмірі мен денсаулығы – қоғамның болашағы. Сондықтан бұл нысан ең жоғары сапа талаптарына сай әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда болып, қауіпсіздік пен барлық медициналық стандарттар толық сақталуы қажет», – деді Әзімбек Пазылбекұлы.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Сонымен қатар, қала әкімі жауапты сала басшыларына құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, жұмыс сапасын бірінші орынға қою және нысанды белгіленген мерзімде толық аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл орталықтың іске қосылуы Түркістан қаласында ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіріп, өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына серпін бермек.

© Didarbek.kz

Пікір жазу