Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ЖОБАСЫН СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ЖОБАСЫН СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлардың қатары жыл санап артып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Соның айқын дәлелі – Жетісай ауданында қолға алынған ауқымды агроөндірістік кешен жобасы. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компания өкілдерімен кездесіп, өңірде іске асырылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асуы жоспарланған инвестициялық жобалар жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Кездесу барысында облыс әкімі Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, шетелдік капитал үшін сенімді әрі тұрақты әріптес бола алатынын жеткізді. Оның айтуынша, аймақта өндіріс ашуға, технология трансфертіне және бірлескен жобаларды іске асыруға барлық мүмкіндік бар.
– Екіжақты тиімді жобаларды әрқашан қолдауға дайынбыз. Шетел азаматтарына жер берілмейді. Дегенмен, мемлекетпен немесе жергілікті шаруалармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Қандай да бір түйткілді мәселе туындаса, оны ашық талқылап, заң аясында шешуге әзірміз. Бастысы – жұмыс нақты жүріп, нәтижесі халыққа сезілуі керек, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Бүгінде Түркістан облысында Қытай Халық Республикасының озық тәжірибесі негізінде су үнемдеу технологияларын өндіру бағыты қарқынды дамып келеді. Соның бірі – Жетісай ауданы Асықата кентіндегі индустриалдық аймақта «Altyn kun group» ЖШС бастамасымен іске асырылып жатқан агроөндірістік кешен жобасы. Жоба аясында компания 8 гектар аумаққа 4 бірдей зауыт салуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда шетелдік инвестиция есебінен жобаның алғашқы кезеңі сәтті жүзеге асқан. Атап айтқанда, 4 гектар жерге қуаттылығы жылына 3000 тонна болатын ПВХ құбырын өндіру зауыты іске қосылды. Сонымен қатар жылына 3 миллион метр тамшылатып суару лентасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталу сатысында. Ал қалған 4 гектар аумақта қуаттылығы 5000 тонна агрономикалық пленка өндірісі мен 5000 тонна гранула шығаратын өндіріс орындарын іске қосу жоспарлануда. Жалпы жобаға салынатын инвестиция көлемі 10 млн АҚШ долларын құрайды. Биыл жобаны толық аяқтап, 100 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

«Altyn kun group» ЖШС құрылтайшысы Лю Кесонг үш айдың ішінде жобаның алғашқы өндірістік желісін іске қосқанын айтып, облыстық және аудандық әкімдік тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ смарт технологияларды енгізу арқылы егін шаруашылығын дамытуға ниетті екенін жеткізіп, осы бағытта қолдау сұрады. Қытайлық серіктестер де Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, арнайы келіп, өз жобаларын таныстырды. Атап айтқанда, құрылыс, сауда және агросалаға қатысты бірқатар бастамалар ұсынылды.

Возможно, это изображение текст

Айта кетейік, 2025 жылдың 11 айының қорытындысымен Түркістан облысы экономикасына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 123 пайызды құрады. Нәтижесінде 146 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Ал Жетісай ауданына осы кезеңде 42,4 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 110,6 пайызға жетті. Оның ішінде жеке кәсіпорындар салған инвестиция көлемі 26,3 млрд теңгені құрап, көрсеткіш 113,9 пайызды көрсетті. Бұл деректер өңірдің инвестициялық дамуы тұрақты әрі жүйелі жолға қойылғанын аңғартады.

© Didarbek.kz

Пікір жазу