Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Есепте тұрған азаматтармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу жұмыстары

Есепте тұрған азаматтармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу жұмыстары

Төлеби ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық пробация және жергілікті полиция қызметінде есепте тұрған тұлғалармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу және әлеуметтендіру бағытының құқықтық көмек, қоғамдық қатынастарға бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында Төлеби аудандық Мансап орталығының мамандары мен бөлім басшылары жұмыспен қамту мәселесі, мемлекеттік грант бөлуге байланысты жеңілдіктер және атаулы әлеуметтік көмек жайында сұрақтарға жауап беріп, бағдарламалар шеңберінде түсіндірме жасап өтті. Сондай-ақ есепте тұрған азаматтарға заңмен жүктелген міндеттерді сақтауын назарларына жеткізді.
Осы тіркеуде тұрған азаматтардың бүгінгі жағдайлары кеңес отырысында назарға қойылды. Жазасын өтеп, қатесін түсінген азаматтарға қоғамда қай уақытта да қолдау бар. Кеңес отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсету, көмек беру кеңінен сөз болды. Жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру, отбасылық жағдайларына қарай әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Кеңес отырысында көтерілген мәселер бойынша пробация қызметті жүйелі түрде жұмыс жасауда. Сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу барысында атқарылатын жұмыстар да жиын барысында талқыланды.
Айта кетейік, жиын соңында пробация есебінде тұрған азаматтар тарапынан көкейде жүрген сұрақтар қойылып, заң шеңберінде тиісті жауаптар берілді.
Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Пікір жазу