Жастарды қолдау бағытында «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу кезеңінің ұзақтығы 18 айға дейін, еңбегіне төленетін ақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін. Сондай-ақ, биылғы жылдың жаңалығы «Алғашқы жұмыс орнына» ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер де және жұмыс тәжірибесі жоқ жастар да қабылданады.
Айта кетсек, жыл басынан бері Төлеби ауданында жоспар бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 60 жас жұмысқа тартылуы қажет болса, қазіргі таңда жұмыс берушіледің сұранысына сай жоспар артығымен орындалған. Солардың бірі – Бахтияров Умиджан: «Мен бұл жоба туралы мансап орталығы арқылы білдім. 2023 жылдың ақпан айында жолдама арқылы «Улугбек» жеке кәсіпкерлігіне жұмысқа жолдандым. Осы мекемеде 9 айдан бері жұмыс жасап келемін. Жоба мен үшін өте пайдалы болды. Тәжірибе жинақтап, ұжыммен қалай жұмыс жасау керектігін білдім» дейді жас маман. Тәжірибесі де еңбек өтілі де жоқ, 35 жасқа дейінгі жастардың жұмысқа орналасып, бір жылдың ішінде тұрақты қызмет етіп, біліктілігін молайтуға, салаға төселуге әсер ететін мол мүмкіндік аталған жоба аясында қолжетімді болып, көптеген жастарға көмегі тиіп жатқаны сөзсіз.