Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ: КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

ТӨЛЕБИ: КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Құрамында 10 елді мекені бар Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы–111,08 шақырым болса, аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлығы –90,1 % құрайды. Биылғы жылы Біркөлік елді мекеніндегі Боралдай, М.Махатаев көшелері орта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Л.Хамиди, Шалқар, Б.Саттарханов және Ақтоғай көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттамалар қайта жаңартылып, алдағы болатын бюджетті нақтылауға ұсыныс енгізілді.
Округ аумағында табиғи газ мәселесі толық шешімін тапқан. Ауыз су жеткізу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Нысанбек елді мекеніндегі ауыз су құбырының құрылысы аяқталды. Жоба бойынша 23,3 ш.қ құбыры тартылып, су құдықтары орнатылды. Бүгінде ауыз су іске қосылған, қабылдау актілері жасалып, тіркеуге жіберілді.
Ауылдық округте электр жүйелерін жаңарту ісі жоспарға сай жүзеге асуда. Мердігер «ПМК-7» ЖШС –і тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстары толық аяқталмауына байланысты, сотқа талап-арыз өткізілді. Сот шешімімен мердігер мекеме жосықсыз деп танылып, электр жүйелерін жаңарту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсты өткізілді. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер мекеме анықталуына орай, жобаға түзету (корректировка) жұмыстары жүргізіліп, қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Елді мекендердегі негізгі көшелер толық түнгі жарықпен қамтылып, аяқ жол салынған. Биылғы жылы Шатыртөбе елді мекеніндегі Тамшылы, Қайнар елді мекеніндегі Байшора Ахметов көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілeуде. Бұл жөнінде аудан әкімі Төлеген Телғараев төртінші тоқсанның жетінші кездесуінде мәлімдеді. Алатау ауылдық округіндегі Нысанбек жалпы орта мектебі ғимаратында ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының 8 айдағы қорытындысы мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер негізінде атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Ашық пікір алмасу, сұрақтарға жауап беру бағытындағы кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылып, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы тұрғындардың өтініштеріне құлақ асып, пікірлерін тыңдады. Елді мекенді көркейту, инженерлік-коммуникация жүйелерін жаңарту бағытындағы ұсыныстарын сала мамандарымен кеңесе отырып, шешу жолдары қарастырылды. Аудан басшысы халықпен еркін форматта ашық сұхбат жүргізгеннен кейін, аудандық мәслихат депутаты Х.Нышамбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, дербес бөлім басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Кездесу кезінде проблемалық мәселелерді қаржыландыру мүмкіндігін қарай, қаржыландыру үшін бюджеттік комиссияға ұсынылып, мәслихат сессиясында қаралады.

Пікір жазу