Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОҒАЛЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРУДА

ҚОҒАЛЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРУДА

Төлеби ауданы әкімінің төртінші тоқсандағы алтыншы кездесуі Қоғалы ауылдық округіндегі Диханкөл ауылдық клубында өтті. Кездесуге аудан әкімі Төлеген Телғараев модераторлық жасап, ауданның әлеуметттік –экономикалық дамуының 8 айлық қорытындысын баяндап, ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Диханкөл, Алшалы, Ұзанарық елді мекендеріндегі автомобиль жолдарының ұзындығы– 48,3 ш.қ құраса, ішкі көшелердің жарамдылығы – 91,0 %. Облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» автомобиль жолының 34-70 шақырымына (Диханкөл-Қасқасу-Зертас) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Диханкөл елді мекенінде асфальт төселді. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 4,2 шақырым болатын Алмалы көшесін орта жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылып, қазіргі кезде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. 1,5 шақырымды құрайтын Жерұйық көшесі, 0,75 шақырымды Бірлік көшесін орта жөндеуден өткізуге жалпы құны 38 415,0 мың теңге болатын сметалық құжат әзірленген. Алдағы болатын бюджетті нақтылауға құжаттары ұсынылды.
КХТL-24 «Алшалы-Ұзынарық» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірді күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Құрылысын қаржыландыру үшін салалық басқармаларға бірнеше рет сұранысы берілды. Бюджеттен қаржы қаралмауына орай, жобаның мерзімі өткендіктен, қайта әзірлеуге (корректировка) жұмыстар жүргізілуде.
Округ аумағына 47,218 шақырым табиғи газ құбырлары тартылып, 635 ГШРП толық орнатылды. Құбырлар сығымдаудан өткізіліп, газ іске қосылды. Қазіргі кезде тұрғындар «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен келісім-шарт түзіп, ішкі газ жүйелерін жүргізуде.
Ұзынарық елді мекенін таза ауыз сумен қамту бағытында 9000 м-ге диамерті 160мм құбыр, 1700 м-ге диамерті 110мм құбыр және 54 су құдықтары орнатылды. Бүгінгі таңда резервуар аумағы тегістеліп, қарауылхана, бактерицидтік ғимарат пен резервуардың құрылысы жүргізіліп, қоршау жұмыстары аяқталды. Жоба негізінде 1248 халық, 192 абонентті сапалы ауыз сумен қамтылды. Кіші Алшалы бойынша 1000 м-ге диамерті 110мм, 5000 м-ге диаметрі 63мм құбыр тасталып, көмілді. 22 су құдықтары орнатылды. Үлкен Алшалы бойынша 3500 м-ге диамерті 125мм, 1500 м-ге диаметрі 63мм құбыр тасталып, көмілді. 59 су құдықтары орнатылды. Резервуардың алаңшасы тегістеліп қоршау жұмыстары атқарылуда. Жобада 576 халық, 118 абонентті сапалы ауыз сумен қамтылды. Диханкөл елді мекенінде «Жаңғақты» бұлағынан келетін су аққы құбырын жүргізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекендердің ауыз су құрылысы 2024 жылы аяқталады.
Бұлақты, Бейбітшілік көшесіндегі тозығы жеткен электр жүйесі мен бағаналарын ауыстыру жұмысын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і 2024-2025 жылдарға жоспарлауда. Апатты жағдайдағы бағаналар кезексіз жарамды бағаналар есебінен ауыстырылатын болады.
Кездесу уақытының басым бөлігі сұрақ-жауап форматына арналғандықтан, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы округ халқын толғандырған сұрақтарға жауап беріп, олардың талап-тілектерін тыңдап, ұсыныс-пікірлерін назарға алды. Айтылған әрбір мәселенің сала мамандарымен шешу жолдарын кеңесіп, орындалу жолдары мен мерзімін түсіндірді. Билік пен бұқара арасын байланыстыруға бағытталған кездесуде тұрғындар ойларын ашық жеткізіп, еркін пікір алмасты.
Жылдың төрт тоқсанында өткен кездесулер халық қолдауына ие болып, ашық сұхбат жүргізетін алаңға айналуда.

Пікір жазу