Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың халықпен кезекті кездесуі Дербісек ауылдық округінде жалғасын тапты. Алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің қаншалықты орындалғанын тұрғындар алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды.
-Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз. Айта кетсем, алдыңғы кездесулерде көтерілген 38 мәселенің 13 мәселе шешілді,19 шешілу үстінде 9 кезең-кезеңімен шешімін табу жоспарлануда. Біздің басты мақсат-халықтың табысын арттыру, қордаланған мәселелерін шешу, әрбір елді мекенін дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды, -деді аудан басшысы.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына жол мәселесі, жылыжайларды субсидиялау, жарық мәселесі,жер, ауыз су аяқ және тазалық мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді. Ауыл тұрғындары өздерімен ашық сұхбаттасуға келген аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жоспарланған жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
© Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметі